Ақтау қаласы әкімінің орынбасары ауысты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтау әкімдігінде кадрлық өзгерістер орын алды. Үркен Бисақаев қала әкімі орынбасарының міндетін атқарушы болып тағайындалды.
None
None

Бисақаев Үркен Серікқалиұлы 1977 жылы 24 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысында дүниеге келді, деп хабарлайды lada.kz.

Екі жоғары білімі бар. Қазақ технологиялық университетінің экономика және менеджмент факультеті мен Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технология және инжиниринг университетінің құқықтану факультетін бітірген.

2000-2007 жылдары қазақстандық және шетелдік компанияларда түрлі лауазымдарда жұмыс атқарды.

2010-2012 жылдары Ақтау қаласы әкімінің орынбасары болды.

2012 жылдың ақпанынан бастап қазіргі уақытқа дейін Маңғыстау облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасын басқарды.

Соңғы жаңалықтар