Ақтау қаласы аймағында «Қару-2009» жедел алдын алу іс-шарасы өтті

АҚТАУ. Қарашаның 2-сі. ҚазАқпарат /Анаргүл Төлегенова/ - Ақтау қаласы аймағында «Қару-2009» жедел алдын алу іс-шарасы өтті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

ҚР Ішкі істер министрлігінің және Маңғыстау облысы ІІД бұйрығымен Ақтау қаласы аймағында «Қару-2009» жедел алдын алу іс-шарасы халық арасында заңсыз сақталған оқ-дәрі, қару және жарылғыш заттарды анықтап, тәркілеу мақсатында болып өтті.


Ақтау қаласы ІІБ қоғамдық қауіпсіздік бөлімінде арнайы рұқсаты бар есепте тұрған қару иелері 2575-ті құраса, оның 1643-і аңшылық қаруы, 322-сі жарақат салатын қару және 610-ы газды тапанша болып табылады.


Осы шара барысында Ақтау қаласы ІІБ қаруды сақтау мен қауіпсіздігін қамту турасында 2449 қару иелері тексеріліп, 112 әкімшілік құқық бұзу ісі анықталды.

Заңсыз сақтағаны үшін 5 қару тәркіленді, оның 4 аңшылық қаруы болса, 1 газды тапанша. Сонымен қатар аңшылық қаруының 6 дана оқ-дәрісі тәркіленіп алынды.

Соңғы жаңалықтар