Ақтау қаласында өрт салдарынан 61 жастағы әйел қаза тапты

АСТАНА. 4 наурыз. ҚазАқпарат - Ақтау қаласында өрт салдарынан 61 жастағы әйел қаза тапты, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
None
None

Ведомствоның атап өтуінше, Ақтау қаласының 11 шағынауданындағы 5 қабатты тұрғын үй пәтерлерінің бірінен өрт шығып, 10 адам қауіпсіз жерге көшірілген. 20 шаршы метр аумақты шарпыған қызыл жалынды сөндіру барысында 1951 жылы дүниеге келген әйелдің мәйіті табылған.

Тілсіз жаудың алдын алуға ҚР ТЖМ Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметінің жеке құрамындағы 7 маман мен 1 техника тартылды.

Соңғы жаңалықтар