Ақтау қаласындағы «Грантум» зейнетақы қоры ғимаратының ауласынан жарылғыш зат табылды

АСТАНА. Тамыздың 13-і. ҚазАқпарат - Ақтау қаласындағы «Грантум» зейнетақы қоры ғимаратының ауласынан жарылғыш зат табылды.
None
None

Бұл туралы ҚР ТЖМ-нан мәлім етті.

Тамыздың 12-сі күні 17 сағат 13 минутта Ішкі істер департаментінің бөлімшесіне кездейсоқ жүргінші телефон соғып, жарылғыш зат тапқандығы туралы хабарлаған.

Жүргізілген арнайы іс-шаралардың нәтижесінде, табылған зат диаметрі 70 мм, ұзындығы 48 см артиллериялық снаряд екендігі анықталды.

19 сағат 23 минутта ҚР ІІМ-нің «Арлан» арнайы мақсаттағы бөлімшесінің саперлары оны қауіпсіз аумаққа алып шығып, жару арқылы жойды.

Соңғы жаңалықтар