Ақтау маңындағы әскери бөлімде қызылша ауруының ошағы жойылды
Оқиға орнында Ақтау емханаларының дәрігерлері, департамент эпидемиологтары мен Қорғаныс министрлігінің мамандарынан құрылған бригада жұмыс істеді. Байланыста болған 800-ге жуық адамға қызылша ауруына қарсы вакцияна егілді. Қазіргі уақытта жағдай тұрақталып, эпидемиялық ошақ жойылды.
«Диагнозы расталған бірінші пациенттер Маңғыстау облысының жұқпалы аурулар ауруханасында емдеді. Бірақ пациенттер санының өсуіне байланысты науқастарды әскери бөлімнің медициналық бөлімінде емдеді. Жұқпалы аурулар ауруханасы арқылы 27 адам өтті, қызылша ауруына шалдығудың барлығы 40-тан астам оқиғасы тіркелген», - деді Маңғыстау облыстық тұтынушылар құқықтарын қорғау бойынша департаменті басшысының орынбасары Нұрлан Әбуғалиев. Нұрлан Нәбиұлының айтуынша, қызылша ауруына шалдығудың жеке оқиғалары әлі де тіркелуде.