Ақтау «Мектепке жол» республикалық акциясына қосылды

АҚТАУ. 6 тамыз. ҚазАқпарат - 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін бүкіл Қазақстанда «Мектепке жол» республикалық акциясы жалғасуда.
None
None

Бесінші жыл қатарынан өткізіліп отырған акцияның мақсаты - аз қамтылған және жағдайы нашар отьбасылардан шыққан балаларға мектепке дайындалуға, оқу құралдары мен киімді сатып алуға көмектесу.

Орындардағы алдын ала жұмыс маусым айында басталды. Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің қызметкерлері көмекке мұқтаж балалардың тізімдерін құрумен қатар ірі өнеркәсіп кәсіпорындарына, жекеменшік фирмаларға хат жіберумен, БАҚ арқылы хабарландырулар арқылы көмек сұрады.

«Жағдайы нашар отбасылардан шыққан балалар білім ұйымдарының назарынан жиі тыс қалып отырады. Біз оларды анықтап, мектепке дайындалуға көмектесуіміз керек. Қазіргі кезде 10 мыңнан астам балалар тәрбиеленіп отырған 5 мыңнан көп аз қамтылған жағдайы нашар отбасы тіркелген», - деп атап өтті Маңғыстау облысы бойынша Балалар құқықтарын қорғау департаменті директорының орынбасары Риза Қуанова.

Өткен жылы департамент облыстық білім басқармасының, «Нұр Отан» ХДП-ның маңғыстаулық филиалы өкілдерінің, басқа да мемлекеттік органдар мен бизнес-құрылымдардың көмегімен 25 млн. астам теңге тауып, 9 мыңнан астам балаға көмек көрсете алды. Биыл көмектесуге ниеттерін «Каскор-Машзавод» АҚ, «ГММОС Казахстан» ЖШС, жекелеген қалалық тұрғындар білдіріп үлгерді.

Соңғы жаңалықтар