Ақтау және Жаңаөзен әкімдіктеріне су құрылғыларының мәселесін шешу мен қысқа дайындықты пысықтау бойынша тапсырмалар жүктелді

Аудандардағы жағдай да мәз емес. Жаңаөзен мен Түпқараған аудандарында соңғы төтенше жағдай мұндайжағдайларға дайын еместігін көрсетті. Естеріңізге сала кетейік, шілденің ортасында Жаңаөзен қаласында нөсерлі жаңбыр жауып, дауылды жел тұрған болатын. 1,5 сағаттың ішінде дауыл бірнеше 5 қабатты және көпәтерлі үйлердің шатырларын зақымдап, ұшырып әкетті.
«Өзенмұнайгаз» АҚ-ның екі ғимаратына, бірнеше білім беру және коммерциялық мекемелердің нысандарына зақым келтірілді. Сондай-ақ нөсерлі жаңбырдың салдарынан қоғамдық ғимараттар мен тұрғын үйлерді су басып, электр қосындары зақымдалған болатын. Олардың зақымдалуы қуат көзінің істен шығуына әкеп соқты.
Орын алған соңғы төтенше жағдайды жоюға Үкімет пен облыс әкімдігінің резервінен 580 млн. теңге қаражат бөлінуде.
Сонымен қатар, Ақтау және Жаңаөзен әкімдіктеріне су құрылғыларының мәселесін шешу мен қысқа дайындықты пысықтауды және арнайы техника сатып алу сияқты тапсырма жүктелді.