Ақтауда 100 отбасы баспаналы болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтауда «Өңірлерді дамыту - 2020» бағдарламасы аясында «Қазақстан ипотекалық компаниясының» қатысуымен салынған үйдің 100 пәтерінің кілтін жаңа үй қожайындарына салтанатты түрде табыс етілді. Бұл туралы Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

Тұңғыш Президент күніне тұспа-тұс келген бұл айтулы сәтке Ақтау қаласының әкімі Серікбай Тұрымов, облыс әкімінің орынбасары Сүйіндік Алдашев, «Қазақстан ипотекалық компаниясы» Ипотекалық ұйымы АҚ басқарма төрағасысының орынбасары Айсұлтан Акчурин, тұрғындар және БАҚ өкілдері қатысты.

Салтанатты шарада облыс әкімінің орынбасары Сүйіндік Алдашев жаңа үйдің халық игілігіне пайдалануға берілгенімен құттықтап, баспаналы болған отбасыларға пәтер кілттерін табыстады.

Осындай қуанышты сәтте жас отбасылардың атынан Байпақова Жаңылдық Байпаққызы құттықтау сөз сөйлеп, бағдарламаға бастау берген Елбасына және облыс, қала басшыларына алғысын айтты.

«Өңірлерді дамыту - 2020» бағдарламасы аясында салынған үйді Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Сүйіндік Алдашев және «Қазақстан ипотекалық компаниясы» Ипотекалық ұйымы АҚ басқарма төрағасысының орынбасары Айсұлтан Акчурин салтанатты түрде ашып, лентаны қиды.

Лента қиылғаннан кейін облыс әкімі бастаған қонақтар №2 пәтерге бас сұғып, үй иелері - жас отбасылармен және пәтермен танысты.

Аталған бағдарлама аясында алдағы уақытта Ақтау қаласында 216 пәтер қосымша салынып, әкімшілік тізімінде тұрған азаматтарға бөлінетін болады.

Соңғы жаңалықтар