Ақтауда 4-ші Маңғыстау аймақтық «Мұнай және Газ, Инфрақұрылым - 2009» көрмесі өтіп жатыр

АҚТАУ. Қарашаның 3-і. ҚазАқпарат /Анаргүл Төлегенова/ - Ақтауда 4-ші Маңғыстау аймақтық «Мұнай және Газ, Инфрақұрылым-2009»  - «Mangystau Oil,Gas & Infrastructure2009» көрмесі өтіп жатыр,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2006 жылдан бері өткізіліп келе жатқан «Mangystau Oil,Gas & Infrastructure» көрмесін Қазақстандық Iteka көрмелер компаниясы мен оның халықаралық серіктестері Ұлыбританияның  ITE Group Pic,  Ресейдің ITE Moscow  Lic компаниялары ұйымдастырып отыр.  Сондай-ақ көрмеге қолдау көрсетіп отырған  ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі, Маңғыстау облысының әкімшілігі, «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ-ы.

Бұл жолы көрмеге 100-ге жуық экспонант қойылды. Олардың ішінде Германия, Голландия, Үндістан, Қазақстан, Ресей, Франция, АҚШ пен басқа елдердің де мұнай өндіруші, құрылыс, сервистік , машина жасаушы, тасымалдау компаниялары, жабдық және телекоммуникациялар жеткізушілері бар.

Көрменің салтанатты ашылуына Маңғыстау облысының әкімі Қырымбек Көшербаев, жергілікті мұнай- газ мекемелерінің және   шетелдік компаниялардың басшылары мен өкілдері, БАҚ қатысуда.

Соңғы жаңалықтар