Ақтауда алимент төлеуден жалтарған әкелердің тізімі қала көшелеріндегі бильбордтарда көрсетілетін болды

АҚТАУ. 6 наурыз. ҚазАқпарат - Ақтауда алимент төлеуден жалтарып жүрген әкелердің тізімі қала көшелеріндегі бильбордтарда көрсетілетін болды. Өңірде қала бойынша «көкек әкелердің» саны екі мыңнан астам.
None
None

Ақтау қаласының бас прокуроры Талғат Әлібаевтың айтуынша, құқық қорғау органдарының өкілдері осылай қатаң жаза қолданбаса, жағдай бақылаудан шығып бара жатыр. 

МО сот актілерін орындау департаменті бастығының орынбасары Фахрудин Алиевтің мәлімдеуінше, өткен жылы неке бұзу жөнінде 800-ден астам іс қаралған. 

Осы жағдайларға орай, Ақтауда алимент және мемлекетке келтірілген шығынды төлеуден қасақана жалтарып жүрген борышкерлерді анықтау мақсатында рейд жүргізіліп жатыр. 

Рейд барысында құрықталғандар әкімшілік жазаға тартылып, темір тұлпарлары бар болса тәркіленбек.

Соңғы жаңалықтар