19:46, 16 Қазан 2012 | GMT +5
Ақтауда «Асыл тастар әлемі» көрме-жәрмеңкесіне сирек кездесетін чароит тасы мен метеориттер қойылған
АҚТАУ. 16 қазан. ҚазАқпарат - Ақтауда Ресейдің Владивостоктан Калининградқа дейінгі түкпір-түкпірінен әкелінген кәдесыйлар, минералдар мен метеориттер, асыл және жартылай асыл тастар мен зергерлік бұйымдар ұсынылған «Асыл тастар әлемі» көрме-жәрмеңкесі ашылды.
Ресейде «Асыл тастар әлемі» көрме-жәрмеңкесі 15 жыл бойы көрсетіліп келеді, Қазақстанда ол алғаш рет көрермен назарына ұсынылып отыр.
«Көрмеге сирек кездесетін чароит тасы қойылған, оны Якутиядағы жалғыз кен орнынан шығарады, бүгінде ондағы қор таусылды. Мұнда сондай-ақ өткен ғасырдың 60-шы жылдары жерге құлаған метеорит те бар. Сирек кездесетін табиғи тастар мен минералдардың бірнеше ондаған түрлері де қойылды», - деді геолог, минералдар коллекционері Ян Шестовский.