Ақтауда бір әйел такси көлігінен құлап кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтауда бір әйел таксиден құлап кетіп, жарақат алды. Такси жүргізушісі әйел отырып үлгермей көлікті жүргізіп кеткен. Бұл туралы құқыққорғау органдарына сілтеме жасап, Лада.кз хабарлады. Оқиға Ақтаудың №14 шағынауданында орын алған.
None
None

«Audi 100 көлігінің 20 жастағы жүргізуші жолаушы әйелді өлтіре жаздады. Әйелмен сөйлескеннен кейін оны отырғызып жатқан. Таксист жол жиегінде тұрған келесі клиентті көріп қалып, көлікті жүргізіп кетеді. Алайда жаңағы әйел көлікке отырып үлгермей, құлап кеткен», - деді жол-көлік полиция қызметкерлері.

41 жастағы әйел түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне қайтарылды. Оқиға бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар