19:48, 16 Қараша 2012 | GMT +5
Ақтауда діндар жамағат қан тапсырды
АҚТАУ. 16 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін Ақтауда «Облыстық қан орталығы» МКҚК мамандары Бекет-ата мешітінде «Қан тапсыр да - өмірді арашала» акциясын өткізді. Ол жерде мұсылмандар игі басмаға қол ұшын созып, қан тапсырды.
«Таңертеңнен бері қан тапсыруға 20-дан астам ерікті жиналды. Әр мұсылман үшін науқастар мен көмекке зәру жандарға жәрдем беру үлкен сауап. Мен де қан тапсырдым», - деді имамның көмекшісі Серік Хантұраев.
«Бұл акция қан қорын толтыру мақсатында өткізіліп отыр. Әрі қарай біз қанды облыстың 18 емдік мекемесінде қолданатын боламыз, әсіресе ол көп қан жоғалтқан жағдайда керек», - деді «Облыстық қан орталығы» МКҚК-ның директоры Ағия Түлеева.