Ақтауда грек-рим күресінен ашық біріншіліктің жеңімпаздары анықталды

АҚТАУ. 4 желтоқсан. ҚазАқпарат - Ақтауда ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай өткізілген грек-рим күресінен ашық біріншіліктің жеңімпаздары анықталды.
None
None

Жарысты Маңғыстау облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы жанындағы «Шоқыр Бөлтекұлы атындағы жоғары спорт шеберлігі мектебі» басшылығы ұйымдастырды.

Оған Ақтау, Жаңаөзен, Құрық ауылынан, сондай-ақ Атырау және Ақтөбе қалаларынан 108 спортшы қатысты. Спортшылар - 1996-1998 жылғы жасөспірімдер. Сондай-ақ бозкілемге 1999 жылғы жасөспірімдер де шықты.

«Жарыс жоғары деңгейде өтті, спортшылар жақсы дайындықтарын және жеңуге дейін ынталарын көрсетті. Спортшылар 10 санатқа бөлінді, олардың әрқайсысында жеңімпаз бар», - деді грек-рим күресінен жаттықтырушы Мұрат Бейсенбаев.

Жарыс қорытындысы бойынша 35 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде атыраулық Бекнұр Бақытжанов, Бостандық Далабаев (Ақтау, 38 келі), Ерболат Наурызов (Ақтау, 42 келі), Мұрат Бітімбай (Ақтау, 46 келі), Бақыт Бегарыс (Жаңаөзен, 50 келі), Асылбек Қосманов (Актөбе, 54 келі.), Алмаз Шаймардан (Ақтау, 58 келі), Шыңғыс Абдолов (Ақтау, 63 келі), Абай Айғазиев (Атырау, 76 келі), Эльдар Дадашев (Ақтау, 85 келі) чемпион атанды.

Соңғы жаңалықтар