Ақтауда Иран Ислам Республикасының бас консулдығы ашылды

АҚТАУ. Желтоқсанның 23-і. ҚазАқпарат /Анаргүл Төлегенова/ - Ақтауда Иран Ислам Республикасының бас консулдығы ашылды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Басты мақсат - Қазақстан мен Иран елі арасындағы өзара қарым-қатынасты нығайту және көршілес мемлекеттерден іс-сапар, туристік бағытпен келіп-кетушілердің құжаттарын рәсімдеуді жеңілдету.

Ресми шараға Иран елінің сыртқы істер министрлігінің өкілдері және облыс  басшылығы қатысты.

Ақтауда Иранның бас консулдығының ашылуы қос мемлекет арасындағы достық, ынтымақтастық және сауда-экономикалық қарым-қатынастың қанат жаюына септігін тигізбек.

Бұған қоса, халқымыздың тарихи-мәдени мәселелері мен мұнай-газ, энергетика салаларында байланыс күшейтіледі деп көзделуде.

«Бас консулдықтың ашылуы екі ел президенттерінің келісімімен қабылданған шара. Бұл ең алдымен қос мемлекеттің арасындағы достық, ынтымақтастық қарым-қатынастың жандануына ықпал етеді. Себебі Қазақстан - Иран Ислам Республикасы үшін маңызды мемлекеттердің бірі» деді Иран Ислам Республикасы сыртқы істер министрінің орынбасары Фарахи Хоссейн.

Маңғыстау облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың айтуынша, екі елдің ынтымақстағындағы болашағы бар бағыттардың бірі - бұл Өзен-Горган темір жол құрылысының басталуы.

Ақтау халықаралық теңіз порты мен Иран елінің порттарының арасында да өзара түсіністік меморандумына қол қойылған.

Бұған қоса, Иран мемлекеті біздің өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындағы серіктестерінің бірі.

Былтыр Ақтауда Әзірбайжан Республикасының Консулдығы ашылған болатын.

Бұл орайда, облыс басшысы тағы бірнеше мемлекет қалада өзінің дипломатиялық консулдықтарын ашуға мүдделі екендіктерін мәлімдеді.

Мұның барлығы Маңғыстаудағы инвестициялық ахуалдың тиімділігін дәлелдейді. Ақтаудың Каспий мемлекеттерінің өзара қарым-қатынасындағы рөлінің артқандығын көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар