09:14, 19 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Ақтауда «Қазақстан - ортақ үйіміз» фестивалінің гала концерті өтті
АҚТАУ. Желтоқсанның 19-ы. ҚазАқпарат /Анаргүл Төлегенова/ - Ақтауда «Қазақстан - ортақ үйіміз» фестивалінің гала концерті өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Жастар шығармашылығы» қоғамдық ұйымы мен қалалық білім басқармасы ұйымдастырған шара желтоқсан айының басында басталған болатын.
Тәуелсіздік күніне орай өткізілген фестивальдің соңы мереке күні Ақтау қаласындағы Абай атындағы мәдениет кешенінде гала концертпен аяқталды.
Фестиваль екі кезеңнен тұрды. Қазақстан туралы және ұлттық нақыштар бейнеленген стенд-көрмелер жарысы мен өнер байқауы бойынша өткізілген шараға қаладағы барлық орта білім беретін мектептер мен аула клубтары қатысты. Оның бас демеушілері - NCOC және Аджип компаниялары болды.
Жарыс қорытындысында қаладағы №4 мектеп-гимназия бас жүлдені жеңіп алды. Одан кейінгі орындарды Балалар өнер мектебі мен Оқушылар орталығы бөлісті.