Ақтауда көпқабатты үйдегі өрт сөндірілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бірнеше сағаттан кейін өрт сөндірушілер тұрғын үйлердің бірінен шыққан өртті сөндірді, деп хабарлады 24.kz.
None
None

Өртті сөндіруге күшті жел кедергі жасады. Жалын 800 шаршы метр аумақты шарпыды. Өртті сөндіруге 30-дан астам техника тартылды.

Еске сала кетейік, бүгін, 8 желтоқсанда Ақтаудың көпқабатты үйлерінің бірінде күшті өрт болды. Тұрғын үй ғимаратының төбесі өртке оранып, одан кейін жоғарғы қабат өртенді.

Соңғы жаңалықтар