Ақтауда ҚР Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің филиалы ашылды

режімінде өткен конференцияға Астана, Петропавл, Қарағанды, Орал, Ақтөбе және Атырау өкілдері қатысты.
«Маңғыстау облысы - ірі өнеркәсіптік орталық. Мұнда 559 өнеркәсіптік кәсіпорын жұмыс істейді. Облыс аумағында мұнай және газ өндіріледі, көлік инфрақұрылымы дамуда. Ағымдағы кезеңде негізгі макрокөрсеткіштер бойынша оң динамика байқалады», - деп атап өтті ҚР Президентінің жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» ӨММ өкілі.
«Бірінші жартыжылдықта өнеркәсіптік өнім өндіру көлемі 772,5 млрд теңгені құрады. Облыс ҚР өңірлері арасында екінші ұстанымға шықты. Мұнай және газ өңдеуші кәсіпорын мұнай мен газ өндірісі бойынша оң қарқынды тіркеуде. Индустрияландыру бағдарламасының екінші бесжылдығының аясында облыс бойынша шамамен 2 трлн теңге жалпы инвестиция көлемімен 60-тан астам жобадан инвестициялық қоржын құрылды», - деп атап өтті Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ш. Ілмұхамбетова.
А. Мұқажановтың айтуынша, ОКҚ филиалдары 5 облыста жұмыс істейтін болады. Жыл аяғына дейін филиал ҚР барлық өңірлерінде ашылуы тиіс.