16:30, 02 Маусым 2009 | GMT +5
Ақтауда «Мемлекеттік органдардың интернет ресурстарында орналастырылатын ақпараттың сапасы мен қоғамдық маңыздылығы мәселелерін жетілдіру» тақырыбында дөңгелек үстел өтіп жатыр
АҚТАУ. Маусымның 2-сі. ҚазАқпарат /Анаргүл Төлегенова / - Бүгін Ақтау қаласында «Мемлекеттік органдардың интернет ресурстарында орналастырылатын ақпараттың сапасы мен қоғамдық маңыздылығы мәселелерін жетілдіру» тақырыбында дөңгелек үстел өтіп жатыр,
деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі. «Қоғамдық сұхбат» бағдарламасының шеңберінде «Маңғыстау облысының Азаматтық альянсы» ЗТБ-ның ұйымдастыруымен өтіп жатқан бұл шарада азаматтардың мемлекеттік органдардың сайттарынан ақпаратты алуға дайындығы, мемлекеттік органдардың қоғамға қажетті ақпарат көлемін бере алатындығының дайындығы және Интернет ресурстары арқылы ақпарат алу жағдайын жақсартуға арналған қажетті ұйымдастырушылық пен заңдық өзгерістер талқыланып жатыр. «Кез-келген мемлекеттің басты мақсаттарының бірі ? ол өзінің барлық азаматтарына ақпарат пен білім алуға және мәдени өмірде, ғылыми прогресте еркіндікті айқын көрсету мен оған еркін қатысу сияқты негізгі азаматтық еркіндіктің біреуін орындау үшін пайдалануға қол жеткізуге құқық беру болып табылады. Интернет басқарушылық шешімдердің анық көрінуін қамтамасыз ете отырып және мемлекеттің жұмысының үстінен тұрақты қоғамдық бақылау жасауға мүмкіндік бере отырып, мемлекет пен қоғамның өзара қарым-қатынасын жаңа деңгейге көтеруіміз керек», дейді «Маңғыстау облысының Азаматтық альянсы» ЗТБ-ның президенті Жақсыгүл Махамбетова. Дөңгелек үстелге қатысушылардың арасында облыстық ақпараттық технологиялар орталығы, Ақтау қаласы әкімі аппаратының, Ішкі саясат департаментінің өкілдері, сондай-ақ депутаттар, белгілі қоғам қайраткерлері мен азаматтық қоғам өкілдері бар.