Ақтауда мүгедектер арасында отырып ойнайтын волейболдан республикалық жарыс өтті

АҚТАУ. Қазанның 27-сі. ҚазАқпарат /Анаргүл Төлегенова/ - Ақтауда мүгедектер спорты - отырып ойнайтын волейболдан Қазақстан  біріншілігінің 11-туры өтті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жарысқа Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарынан және Ақтау қаласынан барлығы 5 команда қатысты.

Екі күнге созылған тартысты жарыс қорытындысында Атырау облысының командасы  Қазақстан Республикасының чемпионы атағын жеңіп алды. Маңғыстаулықтар 2-ші орынды иеленді.

Отырып ойнайтын волейболшылар құрамасы қазір Иранда өтетін әлем чемпионатына дайындық үстінде.  

Маңғыстау командасының капитаны және жаттықтырушысы Нұралы Құлышовтың айтуынша, Республиканың құрама командасына Маңғыстау облысынан 3 ойыншы қатыспақ.

Соңғы жаңалықтар