Ақтауда Н.Жантөрин атындағы музыкалық драма театры 10 жылдық мерейтойын атап өтті

АҚТАУ. 18 сәуір. ҚазАқпарат - 2003 жылы ашылу салтанатына Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қатысқан Ақтаудағы Нұрмұхан Жантөрин атындағы музыкалық драма театры 10 жылдық мерейтойын атап өтті.
None
None

Осы атаулы күнге арналған шараның бағдарламасына сәйкес үздік фотосурет, журналистер арасындағы үздік материал байқауы өтіп, ақындар мүшәйрасы ұйымдастырылды. Сонымен қатар облыс әкімінің орынбасары Халила Нұрғалиеваның қатысуымен ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессорлары Бақыт Нұрпейіс, Әубәкір Рахымов, Сәния Қабдиева, жазушы әрі сыншы Әшірбек Сығай, Театр өнері одағының хатшысы Меруерт Жақсылықова, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің бас сарапшысы Гүлнафис Мырзашева мерейтойдың қонағы болды.

«Маңғыстау театры - республикадағы ең жасы. Осы уақыт аралығында ол 8 мәрте фестивальға қатысып, үш рет бас жүлде жеңіп алды. Бұл оның әлеуетінің жоғары екендігін көрсетеді», - деп атап өтті жиын барысында Ә.Сығай.

«Бүгінде театрдың жетістігі мол. Репертуарында 40-тан астам спектакль бар. Мерейтойларыңызбен құттықтап, сәттілік тілеймін», - деп атап өткен Маңғысау облысы әкімінің орынбасары Х.Нұрғалиева өңір басшысы атынан актрисалар Құралай Мырзалинова мен Айнұр Әбеноваға, актерлер Айдос Тастаев пен Таңат Шайыхқа алғыс хаттар табыстады.

Соңғы жаңалықтар