10:51, 04 Мамыр 2010 | GMT +5
Ақтауда «Нұр Отан» ХДП Маңғыстау облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Этно-ауыл» ұлттық тағамдар жәрмеңкесі өтті
ҚТАУ. Мамырдың 4-і. ҚазАқпарат /Анаргүл Төлегенова/ - Ақтауда «Нұр Отан» ХДП Маңғыстау облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Этно-ауыл» ұлттық тағамдар жәрмеңкесі өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақтаудағы 20-ға жуық ұлттық мәдени орталық өкілдері көрме жәрмеңкеге өз мәдениеттерін паш ететін ұлттық тағамдары мен мәдени бұйымдарын шығарды.
Аталмыш шараны «Нұр Отан» ХДП Маңғыстау облыстық филиалы ұйымдастырды.
Қазақстан көп ұлтты ел екендігіне қарамастан татулық пен бірлікте өмір сүріп жатқанын «Этно- ауыл» көрме-жәрмеңкесі тағы да айқындай түсті.
Бірлік пен татулық мерекесіне арналған шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.