Ақтауда облыстық аурухана бөлімінің бастығы пара алды деген күдікпен құрықталды

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысының қаржы полициясының қызметкерлері Астана қаласындағы ұлттық мехициналық орталықта емделуге квотаны жылдам алуға жәрдемдескені үшін «Маңғыстау облыстық аурухана» шаруашылық жүргізу құқығындағы МҚК жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету және квота беру бөлімінің бастығы Г. Қалиеваны 300 АҚШ долларын алу үстінде қолға түсірді.
None
None

«Г. Қалиеваға қатысты алаяқтық бойынша қылмыстық іс қозғалды. Елден сыртқа шықпау туралы бұлтартпау шаралары қабылданды. Қылмыстық іс тергелу үстінде. Өзге ақпараттар тергеу мүддесі үшін таратылмайды», - деп хабарлады Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметінің қызметкері Нұргүл Мұқатай.

Соңғы жаңалықтар