09:42, 10 Мамыр 2013 | GMT +5
Ақтауда Өртке қарсы қызмет мамандары марапатталды
АҚТАУ. 10 мамыр. ҚазАқпарат - Ақтауда ҰОС және тыл ардагерлері, сондай-ақ ТЖ ардагерлері бас қосқан Жеңістің 68 жылдығына арналған салтанатты жиналыста өртке қарсы қызметтің 38 маманы марапатталды.

Атап айтқанда, «Құтқару операцияларына белсенді қатысқаны үшін» медалімен және І дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін», ІІ дәрежелі «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін», ІІІ дәрежелі «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін» төсбелгілерімен департаментің 38 қызметкері марапатталды.
Ал ТЖ ардагерлеріне «Ардагерлер Кеңесі» бірлестігі тарапынан «Төтенше жағдайлар органдарының құрметті қызметкерлері» медалі тапсырылды.
Салтанатты отырыс М. Өскінбаев атындағы облыстық филамония әртістерінің майдан жылдарындағы әндерді шырқаған мерекелік концертімен аяқталды.