Ақтауда өткен жылы 2045 жұп некеге отырған

АҚТАУ. 2 наурыз. ҚазАқпарат -   2011 жылдың желтоқсан айында қабылданған жаңа заң -  «Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекс деп аталғаны белгілі.
None
None

Осыған орай Ақтау қалалық әділет басқармасының бастығы Арман Төлеуішев заңға енгізілген толықтырулар мен өзгерістер туралы таныстырып өтті.

 «Бұл заң жобасы - ескірген нормалардан арылу және талапқа сай өзгерістер енгізуге, отбасылық қатынастарды реттейтін нормаларды жүйеге келтіруге бағытталған. Бұрынғы кодексте, мәселен, Ақтау қаласының тұрғыны баласын Астана қаласында дүниеге әкелсе де, туу туралы куәлікте «Ақтау қаласы» деп жазылатын еді.Ал жаңа Кодексте бала қай жерде дүниеге келеді, сол қала немесе облыс атауы  жазылатын болып көрсетілді», - дейді АҚӘБ бастығы Арман Төлеуішев.

 Тағы бір жеңілдетілген жәйт, некеге отыратын жұптардан некеге отыру үшін еліміздің қай аймағында болса да, «тіркелім қағазы» талап етілмейді. Бұрынғы Кодексте қайтыс болғандарды 7 күнде тіркеу АХАЖ бөлімінің құзырында болатын. Қазір азаматтар өздері қалаған уақытта тіркеуге міндетті

 Сонымен бірге бұрын балаларға қосарланған есім беруге болмайтын болса, жаңа Кодекс балаға бөлек жазылатын қосарланған есім беруге рұқсат етеді, бірақ ол екі аттан аспауы керек. Ата-аналарының қалауы бойынша баланың тегі ретінде әкесінің аты немесе әкесі жағынан да, шешесі жағынан да аталарының аты берілуі мүмкін.

 Сонымен бірге, 2012 жылғы 1 қаңтарынан бастап «электрондық үкімет» порталында  «Некені бұзуды тіркеуге өтініш» бере аласыз.

 «Аталған қызмет еліміздің барлық аумағында іске асырылады. Бұл - АХАЖ саласында қызметті жедел алуда азаматтарға ыңғайлы болуға бағытталған. Айта кететін жайт, онлайн режімде некені бұзу - кәмелетке толмаған балалары жоқ жұптардың өзара келісімі болған кезде және бір-біріне мүліктік және өзге де талаптар қоймайтын кезде жүзеге асырылады. Біздің саладағы басты жаңалықтар осылар», дейді АҚӘБ бастығы Арман Төлеуішев.

 Сондай-ақ 2011 жылдың 11 айының 11 күні 31 жұп некелескен. 

 Ал аралас неке саны басымырақ. 2009 жылы 2032 жұп некелескен болса, оның ішінде 180-і аралас неке.  Ал 2011 жылы 2045 жұп некеге отырған, оның 175-і аралас некені құраған. Некелесудің басым бөлігін Ресей, Өзбекстан, Түрікменстан мемлекетінің азаматтары.

 Өткен жылы 2045 жұп шаңырақ көтерсе, 175 жұп ажырасып үлгерген.

Соңғы жаңалықтар