Ақтауда «Сен әскерге баруға дайынсың ба?» атты әскери-патриоттық акция өтті

АҚТАУ. 05 наурыз. ҚазАқпарат. - «НұрОтан» ХДП Маңғыстау облыстық филиалы «Сен әскерге баруға дайынсың ба?»  атты әскери патриоттық акция өткізді.
None
None

Еліміздің өзге де өңірлерінде жалғасын тауып жатқан шара әскерге шақырылатын жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру, Отан қорғауға, азаматтық борыштарын адал атқаруға шақырады.

Маңғыстау политехникалық колледжінің отызға жуық студенттері №25744 әскери бөлімінде болып, жауынгерлердің әскери дайындықтарын көрді.

«Біз мына әскери бөлімнен қару-жарақтарды бөлшектеп-жинауды, әскери сапқа тұруды үйрендік. Менің жасым 16-да. Мен алдағы уақытта осы әскери бөлімге келіп, Отан алдындағы борышымды өтеуге дайынмын», - дейді Маңғыстау политехникалық колледжінің студенті Әмірханов Ринат.

№25744 әскери бөлімі 1941 жылы 15 желтоқсанда құрылған. Осы бөлімнің аға офицері Нұрлан Қасымовтың айтуынша, қазір мұнда мыңға жуық сарбаздар бар.  Болашақ сарбаздардың келесі легі сәуір айының 20-сынан бастап қабылданады. Әр облыстан шамамен барлығы 400-ге жуық сарбаз әскери қызметке шақырылмақ.  

Соңғы жаңалықтар