Ақтауда Ш.Есенов атындағы КМТжИ университетінде облыс жастарына арналған діни тақырыпта конференция өтті

АҚТАУ. 4 наурыз. ҚазАқпарат - Ақтауда Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінде облыс жастарына арналған діни тақырыпта ғылыми-практикалық конференция өтті.
None
None

Бұл шара ҚР Дін істері агенттігінің МО бөлімшесі  мен облыстық «Бекет ата» мешітінің Пайғамбарымыздың мәулітін атап өту мақсатында ұйымдастырылып отыр.

 Конференцияда  ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы»  Заң ұстаздар мен шәкірттерге түсіндіріліп, Дін істері агенттігі аймақтық бөлімшелерінің жұмыстары таныстырылды.

 Облыстардың, республикалық маңызы бар қалаларда діни қызметтер мен діни бірлестіктердің өзара іс-қимыл жасау саласында жергілікті атқарушы органдардың рөлдері атап өтілді. Жаңа Заңға сәйкес, бұл органдар өз құзіреті шегінде өңірлердегі діни ахуалды зерттеп, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуі қажет.

 Бұл туралы ҚР Дін істері агенттігінің МО бөлімшесі  директорының міндетін атқарушы Назар Бөкенбайұлы айтып өтті.

 «Қазіргі уақытта кейбір діни бірлестіктер отбасы ұстанатын дәстүрлер мен қағидаларға қатер төндіруде. Отбасылық құндылықтарды сақтаудағы дін рөлін түсіне білу маңызды. Дін отбасын ыдыратпауға керсінше, оның татулығына ұйытқы болуға тиіс» -деді ҚР Дін істері агенттігінің МО бөлімшесі  директорының міндетін атқарушы Н. Бөкенбайұлы .

 Жиын барысында Атыраудан келген «Иманғали» облыстық орталық мешітінің наиб имамы Қарақұлов Еркебұлан студент жастарға  қазіргі таңдағы уахабиттік, салафиттік ағымдар жайына тоқталып, еліміз ұстанатын ханафи мазхабы мен өзге мазхабтар арасындағы айырмашылықтарға тоқталды.

 «Мәуліт мерекесіне орай өтіп жатқан шарада жастарға дұрыс бағыт- бағдар беру үшін насихат жұмыстары кеңінен өткізілуде. Ағымдардың ара жігін ажырата алмай жетегінде кетіп жатқандар бар. Бір жиынмен ештеңе шешілмек емес. Мұндай шаралар республикамыздың басқа да қалаларында өткені жақсы» дейді Атырау облысы «Иманғали» орталық мешітінің наиб имамы Еркебұлан Қарақұлов.

 Жиын соңында жергілікті «Бекет ата» мешітінің бас имамы Тілепберген Жакиев қазақ халқының салт -дәстүрі шариғатқа қайшы келмейтіндігін, көптеген әдет -ғұрыптарымыздың Құран аяттары мен пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) хадистеріне негізделгенін айтып, жастарға «келіннің сәлем салуы» мен «беташар» ғұрыптарының  Исламға негізделгенін баяндады.

 Оқу ордасындағы студенттер мен ұстаздар сұрақтар қойып, пікір алмасты. Мәуліт мерекесіне арналған шара МО музыкалық драма театрында жалғасты.  

Соңғы жаңалықтар