13:31, 09 Сәуір 2010 | GMT +5
Ақтауда Шаолинь монахтары өнер көрсетті
АСТАНА. Сәуірдің 9-ы. ҚазАқпарат - Ақтауда Қытайдың Хайнань провинциясындағы Шаолинь институты ушу Эпо мектебінің монахтары өнер көрсетуде,
деп хабарлады Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметінен.
Қонақтар аймаққа сәрсенбі күні облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың шақыруымен келді. Монахтар өңірде сәуірдің 12-сіне дейін болады. Ақтаудан кейін олар Жаңаөзен қаласында, Шетпе және Маңғыстау ауылдарында өнер көрсетеді.
Қытайдың жекпе-жек өнерінің тарихы сонау V ғасырдан бастау алатыны белгілі. Шаолинь монастыры 6-шы ғасырда, монах-жауынгерлерінің жасағы қолбасшы Ли Шаминді құтқару тарихынан кейін танымал болған. Қолбасшы Ли Шаминь кейіннен Тан әулетінің алғашқы императоры атанған.
Бүгінде Қытайда Шаолинь ушу жекпе-жегінің мектептері көп, Эпо мектебі - солардың бірі.