Ақтауда Шоқыр Бөлтекұлын еске алуға арналған IV-ші халықаралық турнир өтіп жатыр

АҚТАУ. Қарашаның 26-сы. ҚазАқпарат /Анаргүл Төлегенова/ - Ақтаудағы «Жас қанат» спорт кешенінде Кеңес одағы кезеңіндегі тұңғыш қазақстандық спорт шебері,
None
None

қазақ боксының негізін қалаушы Шоқыр Бөлтекұлын еске алуға арналған IV-ші халықаралық турнир өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

  Қараша айының 30-на дейін жалғасатын бәсекеге  Иран, Сирия, Катар, Қытай, Түрікменстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Молдова, Әзірбайжан және Қазақстанның құрама командалары қатысуда.  Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі спорт комитетінің бұйрығымен турнирдің бас төрешісі болып Серік Әбдінәлиев тағайындалды. 

 Турнирдің салтанатты ашылуы кеше сағат 18:00-де болды, ақ ақтық кездесулер қарашаның 29-на белгіленіп отыр.

 Қазақстан Республикасы бокс федерациясының шешімімен биылдан бастап Шоқыр Бөлтекұлы атындағы дәстүрлі халықаралық турнирге «А» сыныпты дәреже берілді. Яғни, турнир жеңімпаздары Қазақстан Республикасының спорт шебері атағына ие болады.

 Шоқыр Бөлтекұлы 1916 жылы Маңғыстау облысы Жармыш ауылының маңында Сарқауақ деген жерде дүниеге келген. Бокспен студент кезінде шұғылдана бастаған. Ол отызыншы жылдардағы ашаршылық аласапыраны тұсында Форт-Шевченко қаласындағы жетімдер үйінде оқып, орта мектепті бітіреді. Шоқыр Бөлтекұлы - 1936 жылы қазақ жерінде әуесқой боксты үйретуді алғашқы болып қолға алған ұстаз. Қазақ боксының атасы атанған Шоқыр Бөлтекұлы - ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, КСРО спорт шебері атанған тұңғыш қазақ. 

 1937 жылы Ш.Бөлтекұлының басшылығымен бокстан Алматы қаласының ресми біріншілігі өтті. Оған 50 спортшы атсалысты. Шоқыр Бөлтекұлы Ұлы Отан соғысына қатысып, 1944 жылы жарақатына байланысты елге оралады. 1947 жылы Мәскеуде өткен одақ  біріншілігіне Қазақ елінің құрама командасын Ш.Бөлтекұлы дайындап, бастап алып барды. Оның мектебінен Мақсұт Омаров, Әбдісалан Нұрмаханов, Серік Әбденәлиев, Виктор және Владимир Кәрімовтер, Иосиф Гильдин  секілді талантты шәкірттер тәрбиеленіп шықты. 

Соңғы жаңалықтар