Ақтауда сот айыпталушылардың жасаған істеріне лайықты үкім шығарды деп ойлаймын - Маңғыстау облыстық Азаматтық альянсының бастығы
- Соттың В.Козловтың ісі бойынша шығарған үкіміне өз пікіріңізді білдірсеңіз
- Бірінші кезекте әрбір адам, әрбір азамат өзінің құқықтары мен міндеттерін білуі тиіс. Оның азаматтық құқықтары бұзылған жағдайда - заң бар және әрбір азамат заңмен орнатылған процедураларға сәйкес өз құқықтарының қорғалуын талап етуге тиіс. Онымен бір мезгілде азамат өзінің міндеттері туралы да ұмытпауы керек. Егер біз заңды басшылыққа алатын болсақ, кез келген проблема шешімін таба алады. Бұл белгілі уақытты қажет етсе де, ең бастысы, оның барлығын қан төгіссіз және өз құқықтарын қорғау үшін басқа азаматтардың құқықтарына қысымдық жасамай шешуге болады.
Онымен қоса бізге адам құқықтары үшін күрескерлер бетперделерін жамылып, жеке мүдделерді көздеген түрлі заңсыз топтардың «қармағына» түсіп қалмауға тырысу керек.
Қазақстан - жабық мемлекет емес, біздің еліміз демократиялы және ашық ел, мұнда сіздерді қызықтыратын мәселелерге қатысты кез келген ақпаратты қажетінше табуға болады. Ол үшін әрдайым барлығынан хабардар болып, саясаткерлер мен саясаттанушылардың сараптамалық жұмыстарын зерттеуге тырысу керек.
Өкінішке қарай, жаңаөзендік оқиғаларға ұқсас жағдайлар тек Қазақастанда ғана емес, барлық жерлерде орын алуда. Және әлемнің барлық елдерінде мемлекеттік құрылым мен ел Конституциясына қол сұққан тұлғалар жауапкершілікке тартылады.
Тарих болған оқиғаларға өз бағасын береді және күмәні бар адамдардың күдіктерін сейілтеді.
Бұл сотқа келетін болсақ, аталған процесс Жаңаөзенде болған оқиғалардың барлығына бастамашы болғандарға қатысты өткенін атап өткім келеді. Ол бүгін заң алдында жауапқа тартылған адамдар ғана емес, ол қолдауға және қаржыландырылуға ие болған үлкен топ болды. Осындай істерді қарапайым адам жалғыз өткізе алмайды.
Олардың ешқайсысы халық пен олардың құқықтары туралы ойлаған емес, әрқайсысы өзінің жеке және пайдакүнемдік мүдделерін ойлады. Бұған куәгерлердің түсініктемелері мен тергеу айғақтары ашық түрде тыңдалған сот отырысы көзімізді жеткізді.
Халық алданды, себебі халық өз ұрандарында қарапайым адамның құқықтарын қорғамаймыз деген бастамашыларға сеніп қалды. Бірақ біз бүгінде сотталушылардың ел тұрғындарын, қарапайым мұнайшыларды алдау жолымен жеке мақсаттарына жетуді ғана мақсат еткенін көрудеміз.
Осының барлығы заң аясында өткенін айта аламын. Сотталушылардың әрқайсысы қорғаушы алуға құқығын пайдаланды.
Бұдан басқа, біз тергеу және сот процесінің ашық түрде өткенін көрдік, бұл процеске тек Қазақстан азаматтары ғана емес, шетелдік азаматтар мен түрлі шетелдік ұйымдар, партиялар, құқық қорғаушылар мен бұқаралық ақпарат құралдары назар аударғанын білеміз, және оларға ешкім кедергі келтірген жоқ. Процестің барысында ниет білдірген барлық адамдар сот залына кедергісіз келіп, бәрін өз көзімен көрді, тараптарды тыңдап, болып жатқан оқиға бойынша пікірлерін ашық айтты. Сот процесіне оны Ғаламторда онлайн-режимде жариялаған блогерлер де қатысты.
Әлемде көптеген түрлі сот процестері өтуде, бірақ біздің еліміз басқа елдердің ішкі істеріне араласпайды, тергеу және сот барысын бақылауға әрекеттенбейді, оған қоса Қазақстан барлық ниет білдірушілерге өз еліндегі қолжетімді және ашық соттағы қылмыстық процестің барысын бақылауға мүмкіндік беріп, өз пікірін айтуға және оны жариялауға кедергі болған жоқ.
Егер назарымызды аударатын болсақ, жеткілікті түрде дамыған елдерде олардың азаматтарының құқықтары бұзылатын көптеген түрлі жағдайлар орын алуда. Басқа елдердің біздің еліміздегі қылмыстық процеске осындай назар аударуы бұл оқиғада оларда қандай да бір жеке мүдденің болғаны туралы айтады деп ойлаймын.
Сот бұл қылмыстық іске жан-жақты баға беріп, сотталушылардың әрекеттеріне лайықты үкім шығарды деп есептеймін.