Ақтауда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі аймақтық комиссияның кезекті отырысы өтті

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Онда 2009 жылы сыбайлас қылмыс пен құқық бұзушылықты анықтау және оның алдын алу жөніндегі атқарылған жұмыс жағдайы сөз болды.
Сондай-ақ 2006-2010 жылдарға арналған Маңғыстау облысындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі аймақтық бағдарламаның орындалу барысы талқыланды.
Отырыста экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі департамент басшысы Б.Паритовтың ақпараты тыңдалды.
Мемлекеттік органдардың жұмысына, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оны болдырмау жағдайына талдау жасалып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасына енгізілген толықтыруларды ескере отырып, оған қарсы күрес қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізілді.
Сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі аймақтық комиссияның 2010 жылға жұмыс жоспары қабылданды.