Ақтауда танымал балалар орталығы мемлекеттік қолдауға ие болды және ресейлік франшиземен жұмыс жасауда (ФОТО)

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда «Бэби Клуб» ЖК балалар даму орталығы әлемде жұмыс істейтін 200 филиалдың бірі, ол мемлекеттік қолдаудың арқасында ресейлік франчайзинг арқылы ашылды. Журналистер баспасөз туры барысында осы нысанда болды.
None
None

«Балалар даму орталығы қызметі өндірісін ұйымдастыру» жобасы ресейлік франчайзинг бойынша жасалған. Бүгінде бұл Ақтау қаласындағы мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту бойынша ең тиімді және танымал ұйымдардың бірі. Әлемде 200-ден астам филиалдары бар, соның ішінде мұндай орталықтар Астана, Алматы, Шымкент, Атырау және Орал қалаларында ашылған. Жобаны қаржыландыру түріндегі мемлекеттік қолдау «Ресей Жинақ банкі» АҚ еншілес банкі арқылы көрсетілген. «Бэби клуб» «Пайыздық мөлшерлемелердің бөлігін субсидиялау» бағыты бойынша «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасына қатысуда. Субсидия төлеу мөлшері 7%, кәсіпкер жүктемесін 7%-ға төмендетті», - деп әңгімеледі «Даму» қорының Маңғыстау облысы бойынша аймақтық қорының құзыреттерді арттыру бағдарламалары бойынша менеджері Абай Момбеков.

Орталықта 80-нен астам бала тәрбиеленуде. Білім бағдарламалары мектепке дейінгі тәрбие саласындағы ең жаңа әдістемелерге сәйкес жасалған. Әрбір оқу сабақтары ресейлік мамандармен келісілген. Білім үдерісінің тиімділігіне және сапасына клуб тәрбиеленушілерінің бес жасқа дейін-ақ санауды, оқуды меңгергені айқын мысал бола алады.

«Даму» қоры 2015 жылғы қарашаға Маңғыстау облысында «БЖК-2020» бизнесті қолдау және дамыту бірыңғай бағдарламасы» жүзеге асырыла бастаған сәттен бері 165 жобаға жалпы сомасы 48 млрд. теңге көлемінде субсидиялау түрінде мемлекеттік қолдау көрсетті, сондай-ақ құны 2 642 млн. теңгенің 50 жобасын кепілдендіру түрінде мемлекеттік қолдау шаралары бойынша 1 060 млн. теңге кепілдік берілді», - дейді «Даму» қоры» АҚ Маңғыстау облысы бойынша РФ құзыретін арттыру бағдарламалары жөніндегі бас менеджері Жанар Ермаханбетова.

Соңғы жаңалықтар