Ақтауда жаңа құбыр кескіш зауыт іске қосылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық мұнай сервистік компанияларды қолдау аясында Ақтауда жаңа құбыр кескіш зауыт іске қосылды.
None
None

Жоба еліміздің мұнай-газ саласындағы қазақстандық мұнай сервистік компанияларын қолдау, сондай-ақ мұнай өндіру саласындағы ірі жобаларда қазақстандық қамтуды өсіру бойынша белсенді жұмыс атқарып жүрген ҚР Энергетика министрлігінің бастамасымен жүзеге асырылды, деп хабарлайды primeminister.kz.

«ҚР энергетика министрлігінің, ҚПО мен Тэнарис компаниясының бірлескен жұмысы нәтижесінде ҚПО-мен ағымдағы келісімшартты ұзартуға айырбас ретінде Қазақстан аумағында құбыр өнімдерін өндіретін Tenaris-ті оқшаулау туралы келісімге қол қойылды (5 жылға, құны 212 млн доллар)», - деп атап өтті энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев.

Сонымен қатар, вице-министрдің айтуынша, олардың Қазақстанда оқшаулануын қамтамасыз ету үшін жоғары сапалы және әлеуеті бар басқа да тауарлар бар.

«Біздің басқа операторларымыз ТШО мен NCOC ҚПО-ның осындай сәтті тәжірибесін бағалап, өз жобаларында «ерте тендер» практикасын қолданса, барлық тараптарға қолайлы болатыны сөзсіз», - деп атап М. Мырзағалиев.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, жаңа зауыт құбыр өнімдерімен Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б. В.-мен ұзақ мерзімді шарттарға сәйкес, сондай-ақ тағы бір негізгі операторды - Теңізшевройлді, қамтамасыз етуді жоспарлауда

Аталған зауытта 40 қызметкер жұмыс жасап жатыр. Алдағы уақытта кәсіпорынның жұмыспен толық қамтылған кезде олардың санын 90 қызметкерке дейін ұлғайту жоспарлануда, бұл жергілікті азаматтардың арасында саны 95% құрайтын болады.

Құны 40 млн долларды құрайтын, жоғары технологиялы зауыт болғандықтан, оның өндірістік қуаты қауіпсіздік техникасы жағынан ең жоғары стандарттарға сәйкес 45 мың тонна премиум сыныпты газ-герметикалық бұрандалы қосылыстармен мұнай-газ кәсіптік сұрыптамасының дайын болат құбырларды құрайтын болады. Аталған кәсіпорын ISO 9001 сәйкес жұмыс жасайтын болады.

Соңғы жаңалықтар