Ақтауда жаңа жылыту маусымына дайындық жұмыстары жалғасуда

АҚТАУ. 6 шілде. ҚазАқпарат - Ақтауда инженерлік желілерді 2012-2013 жылдардағы жылыту маусымына дайындау аясында айтарлықтай жұмыстар орындалды.
None
None

Ақтау қаласының әкімдігінен белгілі болғандай, қаладағы энергиямен қамтамасыз ететін кәсіпорындар жылу желілерін гидравликалық сынақтардан өткізді, олардың барысында 619 жарылу анықталып, жойылды, соның ішінде су құбырларында - 447, жылу желілерінде - 166 және кәрізде - 9.

Ұзақтығы 1,6 шақырым жылу құбырларының және ұзақтығы 2,3 шақырым су өткізу құбырлары желісінің ауыстырылуы мен жөнделуі орындалды, оған жалпы 29,3 млн. теңге жұмсалды. Қаладағы 144 трансформаторлық кіші стансаларда электр жабдықтарының жоспарлық-алдын алу жұмыстары өткізілді, жалпы сомасы 8,2 млн. теңгеге кабельдік желілердің күрделі жөнделуі өткізілді, екі трансформатор ауыстырылды.

Соңғы жаңалықтар