Ақтауда «Жастар есірткісіз болашақ үшін» акциясы өткізілді

АУ. Шілденің 1-і. ҚазАқпарат /Анаргүл Төлегенова / - Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу мақсатында мамырдың 27-і мен маусымның 26-сы аралығында Маңғыстау облысының прокуратурасы мен «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы, облыс аумағындағы қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік органдардың бірлесуімен «Жастар есірткісіз болашақ үшін» акциясы өткізілді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Акцияның барысында облыста орналасқан колледж студенттерінің арасында «Есірткісіз болашақ» тақырыбында он-лайн режиміндегі интерактивті сабақ өткізілді. Кездесуде студенттер мен облыс прокурорының көмекшісі,  есірткімен күрес бойынша  басқарма қызметкері  және дәрігер-наркологтың  қатысуымен сұхбат жүргізілді. 

 Сонымен қатар, облыстың жасөспірімдері арасында есірткіні пайдаланудың зияны туралы суреттен байқау өткізілді.«Зиянды заттардың зардабы» тақырыбымен кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 Барлық қоғамдық орындарда есірткіге қарсы бағытталған фильмдер, теледидардан жүгіртпе жол,әлеуметтік тақырыптағы роликтер көрсетілді. Ақтау қаласының көшелерінде орналасқан үлкен сұйықкристалды экран беттерінен осы тақырып бойынша бейнероликтер көрсетіліп тұрды.

 

Жастар арасында «Нұр Отан» ХДП филиалы мен облыс прокуратурасының, басқа да мемлекеттік органдар - ұйымдастыру комитеті мүшелерінің сенім телефондары көрсетілген есірткіге қарсы бағыттағы парақтар таратылды.Айлық шараның өту кезеңінде есірткі заттарын пайдаланушыларды анықтау мақсатында рейдтер ұйымдастырылды.

 

27 маусым күні акцияның жұмысын қорытындылай келе, Ақтау қаласының жастары есірткісіз салауатты өмір сүру үшін өз таңдауларын жасады деген ұранмен облыстың орталық көшелерімен жүріп өтті.

Жастар шеруіне 300-ден аса  оқушылар мен студент жастар қатысты.   

Соңғы жаңалықтар