Ақтауда жол полициясы қызметкерлері көлік жүргізіп келе жатқан әйелдерді төл мерекелерімен құттықтау үшін тоқтатты

АҚТАУ. 7 наурыз. ҚазАқпарат - Ақтауда кеше жол полициясы қызметкерлері көлік жүргізіп келе жатқан әйелдерді тоқтатып, 8 наурыз мерекесімен құттықтады.
None
None

Бұл туралы МО ІІД жол полициясы басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Аталмыш шара «БТА Сақтандыру» компаниясымен бірге жүзеге асты.

 Жол полицейлері қала көшелеріндегі көлік жүргізіп келе жатқан әйел азаматшаларды  айыппұл жазу үшін емес, гүл беріп мерекелерімен құттықтау үшін тоқтатқан.

 Полиция капитаны Қабланбек Қаржаубаевтың айтуынша, статистикаға сүйенсек, облыстағы әрбір оныншы көліктің рөлінде әйелдер отырады. Жеңіл автокөліктерде ғана емес, «Уаз», «Газель» машиналарын жүргізетіндерін де кездестіруге болады.

Соңғы жаңалықтар