Ақтаудағы балалар емханасына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда 80-жылдардың орта кезінде ашылған балалар емханасына алғаш рет күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оған 65 млн. теңге қаржы бөлініп отыр.
None
None

Облыстық құрылыс басқармасы жариялаған конкурсты «Асқар» ЖШС ұтып алды. Жөндеу жұмыстары Тәуелсіздік күніне қарай аяқталады деп жоспарлануда. Қазіргі кезде жөндеу жұмыстарының біршамасы аяқталып қалды.

«Мекеменің шатыры ауыстырлып, сантехникасы жаңартылды. Ғимараттың іші және сырты өңделді, мүгедектерге арбамен жүруге арналған пандустан орнатылды. Желтоқсан айының ортасына қарай медициналық қызметкерлер мен емделушілердің барлық жағдайы жасалған №2 емхананың балалар бөлімшесі өз жұмысын бастауы тиіс», - деді «Маңғыстау облыстық аурухана» кәсіпорнының директоры нұрлан Тілепов айтты.

Оның сөзіне қарағанда, емхана әзірге аурухананың құрамында, ал жақын күндері ғимарат №2 емханаға өткізіледі.

Соңғы жаңалықтар