10:30, 15 Қазан 2012 | GMT +5
Ақтаудағы сот барысында ҚР ҚПК-нің бұзушылықтары анықталған жоқ - В.Козловқа қатысты сот процесінің анағұрлым маңызды бөліктері бойынша толық есеп
АСТАНА. 15 қазан. ҚазАқпарат - ҚР Президентінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі бағдарламасын қолдау комитетінің төрағасы Роман Богдановтың
ҚазАқпарат тілшісіне В.Козлов, С.Әминов және С.Сапарғалиға қатысты сот процесіндегі маңызды сәттер бойынша берген толық есебіне сәйкес, ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің бұзушылықтары анықталған жоқ.
Құжатқа сәйкес, «Нұр Отан» ХДП мен ҚР Үкіметінің бағдарламасы бойынша Комитет Ақтау қаласында аса ауыр қылмыстарды жасағаны үшін айыпталған Козлов, Әминов және Сапарғалиге қатысты өткен қылмыстық процеске мониторингті жүзеге асырды.
Онымен қоса, сот алғашында-ақ ашық деп жарияланып, Маңғыстау облыстық сотының сот отырысы залында өтті.
Сондай-ақ ұсынылған есепте процеске Комитеттің Заң алқасының мүшесі, Комитеттің Ақтаудағы тұрақты өкілі Дильман Языкбаевтың үнемі қатысып отырғандығы атап өтілді.