Ақтаудағы «Жағалау күзеті» басқармасында әскери-патриоттық шара өтті

АҚТАУ. Мамырдың 4-і. ҚазАқпарат /Анаргүл Төлегенова/ - Ақтаудағы «Жағалау күзеті» басқармасында әскери-патриоттық шара өтті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ерлік ешқашан ұмытылмайды!» деген атпен аталып өткен шарада шекарашылар Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен кездесті.

Шекарашылардың әскери бөлімінде өткен кездесуде соғыс ардагерлері жас сарбаздармен әңгімелесіп, «Жағалау күзеті» басқармасының заманауи қорғаныс құралдары және қару-жарақ түрлерін көрді.

Каспий теңізінің Қазақстан бөлігі мен құрлықта 3 мың шақырым жерді күзететін шекарашылар қазіргі заманға сай техникамен жабдықталған.

Өздерінің бастан кешкен сәттерін еске алған майдангерлер жас сарбаздарға Отан қорғау жолында ерлік пен ұлттық намыстың жоғары болуы керектігін айтты.

Кездесу соңында жастардың орындауында патриоттық әндер шырқалды.

Соңғы жаңалықтар