Ақтаудың екі тұрғыны мемлекетке жүздеген миллион залал келтірді

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің мамандандырылған бөлімшелерінің қызметкерлері жалған кәсіпкерлігі үшін Ақтау қаласының екі тұрғынын ұстады. Анықталғанындай, олардың біреу серіктестік басшысы, екіншісі - бұрынғы мемлекеттік қызметші болып шықты.
None
None

«Ұсталғандардың бірі ЖШС иесі, ал екіншісі - бұған дейін облыстық мемлекеттік кірістер департаментінде басшылық қызметте болғаны анықталды. Олар контрагенттерден салық салудан жалтару үшін ақша қаражаттарын қолма-қол ақшаға айналдырумен айналысқан. Алдын ала анықталған бюджетке салықтарды төлемеу түрінде мемлекетке келтірілген залал бірнеше жүздеген миллион теңгені құрайды. Олардың әрекеттерінде ҚР ҚК 215-бабында көзделген (жалған кәсіпкерлік) қылмыстық белгілер бар», - деп әңгімеледі Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің ұйымдастыру-қаржы басқармасының басшысы Мақсат Ақмұратов.

Оның айтуынша, қазіргі кезде ұсталғандар уақытша оқшаулау абақтысына қамалды. Тергеу амалдары жалғастырылуда.

Соңғы жаңалықтар