17:28, 31 Шілде 2015 | GMT +5
Ақтауға «Қытай-Қазақстан-Әзербайжан-Грузия-Түркия» маршруты бойынша алғашқы контейнерлік пойыз келеді
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтау теңіз порты мен Қорғас «құрғақ» портының интеграциясын «Еуразиялық трансқұрлық дәлізі» жаһандық жобасының бөлігі деп атауға болады.

Бұл туралы бүгін онлайн-конференция барысында «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» ұлттық компаниясы» АҚ президенті Михаил Ялбачев мәлім етті.
«Интеграция Транскаспийлік халықаралық көлік маршруты аясында Қытай, Әзербайжан, Грузия, Түркия порт жұмысшылары, теміржолшылары, кеме иелері, экспедиторларымен өзара іс-қимыл барысында DP World компаниясының жаһандық порттық және терминалдық операторының қатысуымен «Қазақстан темір жолы» ҰК аясында жүзеге асады. Осы маршруттың даму нәтижесі Қытай-Қазақстан-Әзербайжан-Грузия-Түркия бағыты бойынша сынама контейнерлік пойызды іске қосу болып табылады. Пойыз бүгін Ақтауға келеді деп күтілуде, - деп атап өтті М. Ялбачев.