Ақтаулық ару Лондоннан қазақ тағамдарын ұсынатын мейрамхана ашты

АҚТАУ. Желтоқсанның 20-сы. ҚазАқпарат /Анаргүл Төлегенова/ - Ақтаулық ару Лондоннан қазақ тағамдарын ұсынатын мейрамхана ашты,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Лондондағы  «Дастарқан» -  Қазақтың ұлттық тағамдары мейрамханасының иесі Стелла Берекетова Ақтау қаласында туып өскен. Мейрамхана  Ұлыбритания астанасындағы тұңғыш рет қазақтың тағамдарын ұсынатын орын болып табылады. Бүгінде ол ең танымал мейрамханаға айналып отыр.  С. Берекетованың айтуынша, батыс елдерінде Қазақстан кең таныла бастағандықтан ұлттық тағамдарына деген сұраныс күннен күнге артуда.

«Қазақстанның әлемдегі беделі күн санап өсуде. Еуропалықтардың көбісі Қазақстан елін жақсы танып келеді. Енді ұлттық құндылықтарымызды кеңінен насихаттауымыз керек сияқты» дейді «Дастарқан» мейрамханасының басшысы С.Берекетова.

Соңғы жаңалықтар