17:14, 11 Қаңтар 2012 | GMT +5
Ақтөбе ауылында қазіргі заман талаптарына сай су құбыры стансасы іске қосылды - Қызылорда облысы
ҚЫЗЫЛОРДА. 11 қаңтар. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысы Қармақшы ауданына қарасты Ақтөбе ауылында қазіргі заман талаптарына сай су құбыры стансасы іске қосылды.
Жобаның жалпы құны 84 млн. 69 мың теңгені құрайды, құрылысын Қызылорда қаласындағы «Бабас» ЖШС жүргізді. Жоба аясында көтерме су сорғы ғимараты мен резервуар жаңартылып, 50 метрлік су айдау мұнарасы мен су жолы құрылысы салынды. Бұдан бөлек, екі дана құрама кәріз құдықтары орнатылды.