«АKTOBE INVEST»: Фин кәсіпкерлері энергетика және экология салаларында ынтымақтасуға мүдделі

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Кеше өткен «АKTOBE INVEST 2015» халықаралық инвестициялық форумының жүз шетелдік қатысушыларының арасында Хельсинкидегі Қазақстанның құрметті консулы Сеппо Линдроос бастаған фин кәсіпкерлер тобы да болды.
None
None

Форум аяқталғаннан кейін Сеппо Линдроос мырза «ҚазАқпарат» тілшісінің сұрақтарына жауап қайтарып, өткен шаралардан алған өзінің әсерімен бөлісті.

Консул мырза, инвестициялық форумның ұйымдастырылуын қалай бағалайсыз?

- Ақтөбе форумына мен алғаш рет қатысып отырмын. Бұрын осындай шаралар Қазақстанның басқа қалаларында да өткен болатын, менде сіздің қалаңыз және біздің сапарымыз қорытындылары жөнінде өте жақсы әсер қалды.

Оның қорытындылары қандай? Сіздің күткен үмітіңіз ақталды ма?

- Иә, біз сапарымыздың нетижесіне ризамыз. Бізде өте пайдалы кездесулер, кәсіпкерлермен танысулар болды. Біз сіздің аймақтың ерекшеліктеріне қанықтық. Өзіміз үшін де көптеген мүмкіндіктер бар екенін байқадық. Менің ойымша, біздің кәсіпкерлеріміз, өздерінің болашақ әріптестерімен ортақ тақырыптар тапқан сияқты. Біздің алдын ала уағдаластықтарымыз, өзара қызығушылық - соның өзі де жақсы қорытынды, алға қарай жылжу. Енді іскер адамдар одан әрі жұмыстарын жалғастырады.

Финляндиядан қанша адам инвестициялық форумға қатысты және қандай салаларда ынтымақтастық орнату ниеттеріңіз бар?

- Ақтөбеде энергетика, энергия үнемдейтін технологиялар, қалдықтарды өңдеу, суды тазарту сияқты салалардағы фин бизнесінің алты өкілі болды. Көріп отырғаныңыздай, мұның бәрі де экология мәселелерімен байланысты, ал Финляндияда осы саладағы технологиялар жақсы дамыған және әлемдегі озықтар қатарында. Біздің бұл мәселелердегі ынтымақтастығымыздың келешегі зор, деп санаймын.

Соңғы жаңалықтар