Ақтөбе қала әкімінің жүлдесі үшін футболдан жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтіп жатыр

АЛМАТЫ. 10 қаңтар. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Ақтөбеде қала әкімінің жүлдесі үшін жасөспірімдер арасындағы республикалық турнирдің ақтық ойындары болады. 
None
None

Биыл 30-шы рет өтіп жатқан  бұл байрақты бәсекеге жарыс қожайындары үш, Атырау мен  Ақтау екі-екіден және Қазалыдан бір команда қатысқан болатын. Кеше жартылай финалда   "Ақтөбе-97" мен "ОСДЮШОР-97" командары кездесіп, ойын 2:1 есебімен аяқталды. Ал "Атырау-97" мен  "Каспий-97" арасындағы ойында жеңімпаз 11 метрлік пенальти сериясында ғана анықталды. Онда атыраулықтардың мерейі үстем шықты.  Енді ақтық сынға жолдама алған "Ақтөбе-97" мен "Атырау-97" командалары арасындағы кездесуде басым түскені турнир  жеңімпазы атанбақ.

Соңғы жаңалықтар