Ақтөбе қалалық №3 орта мектебінің үздік оқушылары Тәуелсіздік аллеясында өздерінің алғашқы көшеттерін отырғызды

АҚТӨБЕ. 23 сәуір. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Бүгін Ақтөбеде жалпықалалық сенбілік өтіп, оның шеңберінде жаппай көшеттер отырғызу да жүріп жатыр.
None
None

Мәселен, №3 орта мектепте «Нұр Отан» ХДП қалалық филиалының мүшелерінің бастамасымен оқушылар, мұғалімдер мен ата-аналардың көмегімен сенбілік өткізуді ұйымдастырудың штабы құрылды.

Сенбілікке дайындық барысында мектеп аумағы үш аллеяға бөлінді, оларға «Тәуелсіздік», «Ұрпақтар сабақтастығы», «Жасыл болашақ» деген символдық атаулар берілді.

Тәуелсіздік аллеясында мектептің үздік деген оқушылары мен «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының қалалық филиалы мүшелері 30 шетен көшетін отырғызды. Ұрпақтар сабақтастығы аллеясында бірінші сынып оқушылары мен биылғы жылдың түлектері ата-аналарымен бірге қарағаш пен теректің 90 түп көшетін отырғызды. Жасыл болашақ аллеясында мектеп мұғалімдері жұмыс істеп, үйеңкінің 30 көшетін отырғызды. Көшеттерді алу үшін қаржы қалалық бюджеттен бөлінді.

Соңғы жаңалықтар