Ақтөбе қаласы әкімінің жаңажылдық шыршасына 100 бала шақырылды

АҚТӨБЕ. Желтоқсанның 28-і. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Бүгін «Мега Ақтөбе» сауда ойын-сауық кешенінде Ақтөбе қаласының әкімі Архимед Мұхамбетовтың дәстүрлі жаңажылдық шыршасы болып, оған 100 жетім және мен тұрмысы төмен отбасылардан шыққан бала қатысты.
None
None

Олардың барлығы да оқу озаттары.

Архимед Мұхамбетов кішкентай ақтөбеліктерді жаңажылдық мерекемен құттықтады, ал одан кейін Аяз-Атамен және Ақшақармен бірге балалар ойын-сауық кешеніндегі аттракционда сырғанақ тепті, кинозалда мультфильм тамашалады, жергілікті дәмханада тамақтанды.

Ертең қалалық Оқушылар сарайында қала әкімінің екінші шыршасы өтеді. Оған мүмкіндігі шектеулі балалар қатысады.

Соңғы жаңалықтар