Ақтөбе қаласы Қарғалы ауылдық округінің әкімі тағайындалды

АҚТӨБЕ. 28 ақпан. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласының әкімі Ерхан Омаровтың өкімімен Қарғалы ауылдық округінің әкімі болып Алмаз Әлімбаев тағайындалды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктен.
None
None

Алмаз Аманбайұлы Әлімбаев 1978 жылы дүниеге келген. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «тарихшы, тарих пәнінің оқытушысы»  және «Қайнар» университетін «экономика бакалавры» мамандықтары бойынша тәмамдаған. 

№ 1 Қандыағаш орта мектебінде мұғалім, Мұғалжар ауданы әкімдігі аппаратының маманы, Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының бас маманы болып жұмыс істеген. Бұл қызметке тағайындалғанға дейін ол Қарғалы ауылдық округі әкімінің орынбасары болып қызмет атқарған.

Соңғы жаңалықтар