Ақтөбе қаласы қаржы полициясының қызметкерлері кәсіпкерлер құқығын шектеу фактілері бойынша 10 қылмыстық іс қозғады

АҚТӨБЕ. 8 қараша. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласы қаржы полициясының қызметкерлері жыл басынан бері тексеру барысында кәсіпкерлер құқығын шектеудің және кәсіпкерлік қызметке кедергі келтірудің 7 фактісін анықтады. Анықталған заң бұзушылықтар нәтижесі бойынша 11 мемлекеттік қызметкерге қатысты 10 қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметінен.
None
None

8 қылмыстық іс өндірісі аяқталды, екеуі тергеу сатысында.

Сыбайлас жемқорлық қылмыстары бойынша облыстың бір аудан әкімінің орынбасары, сондай-ақ әр түрлі деңгейдегі 4 басшы және 4 мемлекеттік мекеме маманы қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Осылайша, алдын ала келісу бойынша бірнеше рет кәсіпкерден пара алған Қобда ауданы Бұлақты ауылдық өңірінің әкімі және сол әкімдіктің бас маманына қатысты 3 қылмыстық іс қозғалды. Қобда аудандық сотының үкімімен олар ҚР ҚК 307-бабы бойынша айыпты деп танылды және шартты түрде бір жылға бас бостандығын шектеуге үкім кесілді.

Сондай-ақ, аудандардың бірінің әкімінің орынбасарына, аудандардың бірінің жер қатынастары бөлімінің бастығына, Ақтөбе қаласы әкімдігінің бөлім басшысына, ауылдық өңір әкімі аппаратының, Ақтөбе қаласы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау мекемесінің, салық басқармасының бас мамандарына қатысты пара алу фактісі бойынша 6 қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар