Ақтөбе қаласында көліктік бақылау органдары 48 жолаушыны артық тиеген автобусты тоқтатты
Бірінші автобуста рұқсат етілген 105 жолаушының орнына 130 жолаушы мінген болса, 57 орынға арналған автобусқа 80 жолаушы жайғастырылған.
Көліктік бақылау органы тасымалдаушыларды Жолаушылар мен жүк тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартты. Ал, 48 жолаушы автобустан түсіріліп кемпингте қалды.
Көліктік бақылау комитеті мәлімдегендей, жолаушыларды рұқсат етілген нормадан артық алып жүру Автомобиль көлігімен жолаушылар және жүк тасымалдау ережелерін бұзудың негізгі факторы болып табылады. Сондай-ақ, жүргізушілердің аталған ережеде көрсетілген еңбек және демалыс тәртібін бұзу, жолаушылар мен жүк тасымалдауға рұқсат құжаттарының болмауы, билеті жоқ жолаушыларды тасымалдау, автокөлік құралдарының техникалық жағдайының нашарлығы секілді бұзушылықтар жиі кездеседі.
2012 жылдың 10 айы ішінде стационарлық және жылжымалы көліктік бақылау бекеттерінде 28 452 автокөлік тексеріліп, Қазақстан Республикасының автомобиль көлігі қызметін реттейтін құқықтық-нормативтік актілерінің 6 090 бұзушылық фактісі анықталды. Өткен жылдың аталған мерзімінде 30 772 бірлік автокөлік тексеріліп, 6042 бұзушылық анықталған болатын.